Анаға сәлем: Алматы телеарнасының YouTube арнасында жаңа жоба көрерменге жол тартты
Аlmaty.tv
Бағдарлама түрлі тақырыптарды қозғап, жастардың ойында жүрген көкейтесті мәселені анықтайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Алматы» телеарнасының YouTube арнасында жаңа бағдарлама жарыққа шықты. Көрерменге жол тартқан "Анаға сәлем" жобасы жүрекжарды лебіз, құрмет пен махаббатқа, сыйласымдыққа негізделген.
Бағдарлама түрлі тақырыптарды қозғап, жастардың ойында жүрген көкейтесті мәселені анықтайды, шешімін шығарады. Әрбір шығарылымның өзіндік мақсаты бар.
Сұхбат жеңіл қарым-қатнас үлгісінде құрылғанымен, астарында терең ой жатыр. Жобаның мақсаты - қоғамға ой салу. Жастардың бойына, адамгершілік, қамқорлық, үлкенге ізет, кішіге құрмет сыңды рухани тәрбие сіңіру. Жоба - ана жүрегімен әлемді мейірімді етуге шақырады !
Жобаныны АлматыTV YouTube арнасының ресми парақшасынан кез келген уақытта көруге болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41