|
25.09.2023 | 14:44
1965

«Мәдениет туралы» заңда әдебиет жайында екі ауыз сөз жоқ - Мереке Құлкенов

«Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасының кезекті қонағы – Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов

«Мәдениет туралы» заңда әдебиет жайында екі ауыз сөз жоқ - Мереке Құлкенов Almaty.tv

Олжас Сүлейменов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов. Бұлар – «Халық жазушысы» деген атқа ие болған қарымды қаламгерлер.

Елімізде бұл атаққа 39 жазушы ие болған. Бұл әйгілі атақ қайтарыла ма? Осы және өзге де сұрақтарға «Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасының қонағы – Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде көтерілген мәселелер мен ұсыныстар туралы айтты.

Қазақ әдебиетінің ерекшелігіне тоқталған Мереке Құлкенов «қазақ – зиялы қауымды құрметтей білген, үлкенді сыйлаған халық» дей келе, сый-құрметке бөленген жазушының да қоғам алдындағы жауапкершілігі маңызды екеніне тоқталды.

– Қаламгер қызыл сөзден гөрі,  әлемдегі маңызды мәселеге деген көзқарасын шығармасы арқылы көрсете білуі керек, деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов.

Жазушылар одағының міндеті – әлемдегі өзге тілде жазатын қазақтарды жинау, ұлттық шығармаларды еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне насихаттау, талантты аудармашыларды дайындау, балалар кітапханасын жасау.

Бұл міндеттер жүзеге қалай асады? Мемлекет басшысы жазушылармен кездесе ме? «Мәдениет туралы» заңға қандай өзгерістер енеді?

Толығырақ төмендегі сілтемеден көре аласыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир