«Алматы» телеарнасында ҰҚК Шекара қызметі туралы жаңа сериал жарық көреді. «Академия» атты отандық туындыда курсанттардың өмірі баяндалады. Олардың шекара қызметінде бастан өткен оқиғасын қамтитын телесериал 10 бөлімнен тұрады. Сериалдың түсірілімі басталды.
– Нақты біреудің прототипі немесе нақты біреудің басынан өткен оқиға жоқ. Бірақ қазір шекарада қызмет істеген жігіттермен ақылдасып, болған оқиға желісінде түсірілді, – деді продюсер Еркебұлан Мырзабек.
Ал 25 қыркүйектен бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 21:00-де телеарна көрерменнің назарына мелодрама және комедия жанрындағы «727» телесериалын ұсынады.
Телехикаяда жастардың бүгінгі келбеті көрсетіледі. Алматыда тұратын қарапайым отбасының басынан өткен оқиға баяндалады.
Сериал барысында көрермен отбасындағы қарым-қатынастың, татулықтың маңызын ұғады. Сондай-ақ қаржылай сауат ашады.
Әр бөлім 30 минуттан тұрады. Ал 10 серияны түсіруге 1 ай уақыт кетті.
Оқи отырыңыз: «Жарты сағат Жанарбекпен»: «Алматы» телеарнасында тұсаукесер