|
26.02.2024 | 19:55
288

«Алматы» телеарнасында «Біржан-Сара ізімен» бағдарламасы көрерменге қайта жол тартады

Әзіл-қалжыңмен ащы шындықты қоса айтатын ақындар екеуара айтысып, әлеуметтік мәселелерді көтереді

«Алматы» телеарнасында «Біржан-Сара ізімен» бағдарламасы көрерменге қайта жол тартады Almaty.tv

Арнамыздағы айтыс сүйер қауымның сүйікті бағдарламасына айналған «Біржан-Сара ізімен» жобасы жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қыз бен жігіт айтысы экранға осымен үшінші рет жол тартқалы отыр. Әзіл-қалжыңмен ащы шындықты қоса айтатын ақындар екеуара айтысып, әлеуметтік мәселелерді көтермек. Ал олардың тартысын елге белгілі ақындар бағалайды.

«Биылғы жобадан да біз тың таланттарды күтеміз. Әр жобаның өзінің бір жаңалығы болып жатыр. Биылғы жобада да жас ақындарымыз ерекше көзге түседі деп ойлаймыз», – деді айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Еркебұлан Қайназаров.

Сайысқа түскен айтыскерлер арасында шын мықтыны анықтау үшін арнайы тапсырмалар беріледі. Ұйымдастырушылардың мақсаты – ақсүйек өнерді дәріптеу.

Айта кетейік, бағдарламаның жаңа маусымы «Алматы» телеарнасынан 23 наурыздан бастап көрсетілмек.

«Барлығы мықты ақын.Қоғамдағы қазір көзбен көріп, құлақ естіп жүрген оқиғаларды қозғаймыз», – деді айтыскер ақын Ердәулет Сардар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир