Жер сілкінісін болжайтын жаңа жүйе енгізілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы «Алматы» орталық сейсмологиялық обсерваториясының мамандары айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығында жер сілкінісін болжауға бағытталған жаңа жүйе енгізілді. Бұл туралы «Алматы» орталық сейсмологиялық обсерваториясының мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың сөзінше, кешенді бағдарлама республика аумағында ғана емес, жақын көршілес елдер – Қырғыз, Өзбекстан, Тәжікстан мен Әзербайжан жеріндегі ахуалды бақылауға мүмкіндік береді. Мамандар бұл бағдарлама жер сілкінісінің ошағын да бірден анықтайды деп отыр. Бүгінде Қазақстан бойынша мұндай талдаумен тек Алматының сейсмологиялық орталығы айналысады.

«Ірі жер сілкінісінен кейін жер қойнауындағы энергия толықтай шықпайды. Сондықтан афтершоктар болып тұрады. Мұндай жағдай бірнеше айға немесе бір жылға дейін созылуы мүмкін», – деді «Алматы» орталық сейсмологиялық обсерватория басшысы Жансая Досымбекова.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің күшін бағалау кезінде ТМД елдері бірегей шкала ұстанады. Демек, 1-ден 4 балға дейінгі зілзала орташа және аз деструктивті деп бағаланса, 5-тен жоғары балл күшті деп саналады.

Новости партнеров