Жаңа маусым: «Алматы» телеарнасында көрермендерге тың туынды жол тартты

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Комедиялық мелодрама жанрындағы туынды 10 бөлімнен тұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасының жаңа маусымында көрермендерге тың туынды жол тартты. Арнамыздың төл өнімі – «Мұғалім» сериалы дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті сағат 21:00-де көгілдір экраннан көрсетіледі.

Комедиялық мелодрама жанрындағы туынды 10 бөлімнен тұрады. Басты рөлдерді Абылай Әбен, Асылбек Боранбай, Томирис Жанғазинова сынды танымал актерлер сомдайды. Сценарий желісі бойынша Азамат есімді кейіпкер бала кезінен армандаған мамандығын Америкада игеріп, Алматыдағы жоғары оқу орнына мұғалім болып жұмысқа орналасады. Адал қызмет етіп, шәкірттеріне бар білгенін үйретуді мақсат еткен ол білім ордасында көптеген қиындыққа тап болады.

– Бұл жобаның көрермендерге берері көп деп ойлаймын. Қазіргі таңда жастар ғылымға қызықпайды, білімге деген қызығушылық төмендеп бара жатыр. Барлығы телефон көріп отырады. Солардың қызығушылығын қайта арттырады деген ойдамыз, – деді актер Абылай Әбен.  

Туынды режиссерінің айтуынша, сериалды түсірудегі басты мақсаты – еліміздегі жоғары білімнің деңгейін көрсету, педагогтардың беделін арттыру және ғылыми жетістіктерді насихаттау. Дәл осы идея арқылы қазіргі қоғамның білім саласындағы білікті маман даярлаудағы кадр мәселесін ашық көрсетуге тырысқан.

– Ғылым мен білімді насихаттау және  мұғалімнің бедел-дәрежесін көтеру мақсатында, мұғалімге деген құрметті көрсетіп, қоғамдағы орнын ерекшелеу, айқындау мақсатында Президент Жолдауында айтылған сөзі алынды, – деді режиссёр Ернат Байұзақ.

Оқи отырыңыз: Жерұйық: Оңтүстік өңірдің ең көрікті жерлері - «Almaty» телеарнасында

Новости партнеров