Еліміздегі мектеп асханаларын тексеру аяқталуға жақын. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өткен аптада Алматы облысының екі бірдей ауылында тегін тамақтанатын оқушыларға мерзімі өткен сүт өнімдері беріліп, шу шыққан еді. Осы жағдайдан кейін еліміздің Бас ұстазы барлық білім беру мекемелеріндегі тамақ сапасын тексеруді тапсырған.
– Қазір мектептерде құрылған комиссия жұмысын аяқтап жатыр. Мониторинг нәтижесі бойынша бірнеше қателік пен кемшілік анықталды. Кімнің салғырттық танытқанын тексереміз. Мектеп әкімшілігі кінәлі ме, әлде асхананы жалға алушы кәсіпкерлер тарапынан кеткен олқылық па? Бұл жөнінде қажетті шара қолданылады, – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз: Оқушының зорлық-зомбылыққа ұшырауына оқу ордасы ғана жауапты емес - министр