|
22.08.2023 | 18:52
7162

Әділеттің жолы: «Алматы» телеарнасы жаңа сериалдың түсірілімін бастады

Әлеуметтік драманы киносүйер қауым күзде көгілдір экраннан тамашалайды

Әділеттің жолы: «Алматы» телеарнасы жаңа сериалдың түсірілімін бастады Almaty.tv

«Алматы» телеарнасы жаңа маусымда тағы бір жаңа туындыны көрермен назарына ұсынбақ. Бүгін арна ұжымы «Әділеттің жолы» деп аталатын сериалдың түсірілімін бастады.

Он бөлімнен тұратын әлеуметтік драманы киносүйер қауым күзде көгілдір экраннан тамашалай алады. Сериал мемлекеттік құрылымдардың қызметінен, ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаттан сыр шертіп, салауатты азаматтық қоғамды қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмысты, сот жүйесінің реформалануына деген сенімді көрсетеді. Ең бастысы – адамгершілік пен әділеттілік қағидаты кеңінен насихатталады.

– Үкіметте жұмыс істейтін көп адамға сенім аз. Сол себепті «шынайы халық үшін жұмыс атқаратын адамдар бар» деген ниетті білдіргіміз келді, – деді режиссер Азамат Ержанұлы.

Айта кетейік, Сериалда Елдар Отарбаев, Әсет Иманғали, Алмас Шаяхметов, Зәуре Көпжасарова сынды танымал актерлер рөл сомдайды. Сюжет желісі бойынша басты кейіпкер Әділет есімді жігіт әділ қоғам құруды аңсайды. Ауылда туып өскен ол жергілікті әкімнің бірінші орынбасары болып жұмыс істейді. Алайда ауыл басшысының қызмет мерзімі аяқталып, Президенттің жаңа реформасына сәйкес әкімдерді халық сайлауы қажет болады. Ал бұл лауазымға көпшіліктің оң бағасын алған Әділет әділ жолмен жетемін деп сенеді. Кейіпкердің бұл арманы еш кедергісіз орындала ма? Оны алдағы уақытта біле аласыздар.

– Сценарийді оқып шыққан кезде, басты кейіпкердің мінезі табиғатыма сай келеді екен. Жауапкершілік, адалдық – мен үшін маңызды. Адам еңбегіне сай бағалауды жақсы көремін. Әділет те сондай абыройлы азамат. Ешкімнен ештеңе жемейді, алмайды, – деді актер Елдар Отарбаев.

Оқи отырыңыз: Жаңа маусым: «Алматы» телеарнасы көрермендеріне жаңа туынды ұсынбақ

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир