Кинотуынды 10 бөлімнен тұрады
«Алматы» телеарнасы жаңа маусымда көрермендеріне жаңа туынды ұсынбақ. 12 тамызда телеарна ұжымының дайындауымен мелодрама-комедия жанрындағы сериалдың түсірілімі басталды. Кинотуынды 10 бөлімнен тұрады және онда ауылдың тыныс-тіршілігі, жастар махаббаты көркем суреттелген. Басты рөлдерді Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Нұрболхан Шарапов, Дастен Шәкіров сынды танымал актерлер сомдайды.
Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді