|
16.08.2023 | 17:30
3260

Ерболат Досаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Мектеп ғимаратында жазғы демалыс кезінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Ерболат Досаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді пресс-служба акимата

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапарымен Наурызбай ауданына барып, «Ақжар» шағынауданындағы №200 мектеп-гимназияның мысалында алдағы оқу жылына дайындықпен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мектеп ғимаратында жазғы демалыс кезінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Атқарылған жұмыстың басты нәтижесі кітапхананы молернизациялау. Ерболат Досаев кітапхананы аралап көріп 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейтін Kitap.kz онлайн платформасының қолжетімділігін тексерді. 

Жаңа үлгідегі кітапханада кітап қорын кеңейтуден және техникалық жарақтандырудан басқа оқушылардың шығармашылық дамуы үшін ыңғайлы алаңдар құрылды. 

Айта кетерлігі, Алматының 200-ден астам мемлекеттік мектебінде жаңа форматтағы кітапханалар жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында барлығы 100% қамтылады.

«Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын. Барлық оқушы оқулықтармен қамтамасыз етілген. Балаларды қабылдауға 66 оқу сыныбы, 150 орындық заманауи асхана және 2 спорт залы, зертханалық кабинеттер әзірленді. Мектепте барлығы 2 200 бала оқиды. Ғимарат ішіндегі  және іргелес аумақтың периметрі бойынша қауіпсіздік үшін 47 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді», - деді мектеп-гимназия директоры Айнұр Нұрымқызы. 

Мектепте инклюзивті білім беру қарастырылған, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кабинеті ашылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен педагог-психолог, арнайы педагог, логопед-мұғалім және 4 - педагог ассистент мамандары жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін лифт қарастырылған.

Өз кезегінде, білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева алдағы оқу жылына дайындық 95%-ды құрайтынын, бірқатар мектеп ғимаратында сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталатынын айтты. Жұмыстар кестеге сәйкес жүруде. Тамыздың соңына қарай 100% дайындық қамтамасыз етіледі.

Мегаполис әкімі акт залы мен асханаларға барып, мектеп басшылығының балалардың сапалы және теңгерімді тамақтануының маңыздылығына назарын аударды. 

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Алматыда 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан барлық оқушылар оқу сыныбына қарамастан тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Мектепті аралаған Ерболат Досаев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша балаларды оқыту үшін барынша жайлы жағдай жасауға қатысты жұмысты жалғастыруды тапсырды, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту, оның ішінде турникеттер жүйесін енгізу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир