«Алматы» телеарнасындағы «Өнерлі өреннің» кейіпкерлері де, бағдарламаны жасайтын жас журналистер де – шалғай ауылда білім алып жатқан оқушылар.
Аделина – Береке орта мектебінің оқушысы, жас тілші.
Бағдарламаның кезекті санында ол саусағынан бал тамған шебер Жанеркенің қолөнер бұйымдарымен танысты.
«Өнерлі өреннің» кейіпкері Жанерке барлық адамның бірдей киінгенін ұнатпайды. Ал оның шешімін төмендегі сілтемеден білесіз.
Бала – елдің ертеңі. Оқуда озат, бармағынан бал тамған шебер, білекпен мыңды жыққан балуан, білімді, талант иелерін таныстыру – бағдарламаның негізгі міндеті.
Жоба авторы Ботагөз Жөкенқызының айтуынша, таланттың бәрі ауылдан шығады. Тек оларға бағыт көрсетіп, қолдау қажет. Автордың мақсаты - жасөспірімдерді шығармашылыққа баулып, тұлға ретінде қалыптастыру.
Оқи отырыңыз: Өнерлі өрен: «Алматы» телеарнасы талантты балаларды таныстыруды бастады