Шымкенте мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
8-сыныпта оқитын жасөспірім жер қойнына ертең тапсырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 8-сынып оқушысы бір уыс дәрі ішіп, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

14 жастағы қыздың жағдайы мектепте отырғанда нашарлаған. Екінші сабақта өзін жайсыз сезінген ол мұғалімнен сұранған. Алайда ұстаз оқушыны сыртқа шығармайды. Мектеп директоры осыдан соң жасөспірімнің есінен танып, құлағанын айттты. Тіпті жедел-жәрдем келгенше оқушының жүрегі тоқтап қалған. Ақ халаттылар арпалысып жатып, қыз баланың есін жиғызады. Алайда, ішкен дәрінің көптігінен оны аман алып қалу мүмкін болмады.

– Қабылдау бөлімінде кідірмей, бірден жансақтау бөліміне кіргіздік. Кірген бойда жүрегі үшінші рет тоқтады. Науқас сағат 10:46-да өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ал сағат 12:20-да атқарылған интенсивті шараларға қарамастан, көз жұмды, – деді облыстық Жоғары қысымды оксигенация орталығының бөлім меңгерушісі Асылхан Минбосынов.

Аталған дерекке қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала болжамға сәйкес, жасөспірім әжесінің жүрекке арналған дәрісін ішуі мүмкін.

Айта кетейік, 8-сынып оқушысы жер қойнына ертең тапсырылады.  

– Оқушының қолынан қазанда өткір затпен салынған жарақатты байқағанбыз. Бірақ ол оны жай ғана ермек деп түсіндірді. Сонда да мектеп психологына апарып, бірге жұмыс істедік. Оқушының үлгерімі орташа болатын. Бірақ спортпен шұғылданатын. Баскетбол, волейболдан түрлі жарысқа қатысып, медаль алған. Құрдастарымен де ешқандай араздығы болған емес, – деді мектеп директоры Юлия Корбан.

Оқи отырыңыз: Бала өлімі: әкімдік өкілдері қауіпсіздікті нығайтуға неге асықпайды

Новости партнеров