Жуырда! «Алматы» арнасынан «Дем» телехикаясын көріңіз

Almaty.tv
Almaty.tv

Мелодрама және драма жанрында түсірілген бұл сериал дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасы өз көрерменіне кезекті жаңа телехикая ұсынады. 21 қазаннан бастап «Дем» атты сериал көрерменге жол тартады.

Мемлекет өркендеуінің басты факторларының бірі – дені сау ұлт. Телехикаяның мақсаты – медицина қызметкерлерінің кәсібін насихаттау, «Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында дені сау ұлт қалыптастыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрсету. Сондай-ақ  телехикая медицина қызметкерлерінің әр адам өміріндегі орасан зор рөлін көрсетіп, Ұлт денсаулығын сақтау барысында  дәрігерлердің қызметі  өте маңызды екенін қоғамға жеткізеді.

Мелодрама және драма жанрында түсірілген бұл сериал дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетіледі.

Новости партнеров