Алматыда биыл 70-ке жуық балабақша ашылады

Алматыда биыл 70-ке жуық балабақша ашылады
Қазір 4 мемлекеттік нысанның құрылысы жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігі қаланың мектепке дейінгі және білім беру орындарына деген сұранысты толық жабу міндетін мықтап қолға алды. Осы орайда білім нысандарын жеделдетіп салудың үш жылдық бағдарламасы қабылданды. Мәселен, өткен жылы 4 мемлекеттік және 48 жекеменшік балабақша салынған. Қазір тағы 4 мемлекеттік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, мектепке дейінгі орындардың тапшылығын азайтуға шағын бизнес те белсенді кіріскен. Тек биылдың өзінде 5 мың орынға арналған 65 жеке балабақша ашу жоспарланып отыр. Қосымша 10 бөбекжайдың жобалық құжаты әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Әрбір балаға шаққанда 37 мың 547 теңге бөлінеді. Конкурс бұрындары жылына бір рет қана болатын. Қазір екі рет болады, қосымша орындар болатын болса, тағы екінші конкурс өткізіп, сондай жағдайлар жасалып жатыр жеке меншік балабақшаларға», – деді  республикалық жеке меншік білім беру ұйымдары қауымдастығының төрайымы Роза Садықова.

Мектепке дейінгі білім берудегі тағы бір мәселе – ата-аналардың ақы төлеуі. Осы ретте үкімет жеке балабақшалардағы қосымша қызметтерді ішінара өтеуді қарастырған. Яғни, жеке балабақшаға бару бағасы едәуір қолжетімді бола түсті.

Қазір тағы 4 мемлекеттік нысанның құрылысы жүріп жатыр

«Қазір жеке мектепке дейінгі мекемелер ашу бұрынға қарағанда жеңілірек болды. Бұл ең алдымен ата-ана үшін, сосын кәсіпкерге де қолайлы. Өйткені бұрын жеке балабақшаға баланы беру біраз қалтаны қағатын. Енді мемлекеттен жасалып жатқан қолдаулар балаларды көбірек қамтуға ықпал жасайды», – деді Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығы алматы қалалық филиалының басшысы Любовь Айтхожина.

Балаларды балабақшамен қамтудың тағы бір тетігі ол – ваучерлік механизм. Яғни, осы арқылы ата-аналар кез келген балабақшаны таңдап, мемлекет берген жеңілдіктерден төлем жасай алады. Бұл, әсіресе, аз қамтылған, көпбалалы, жас отбасыларға, жалғызбасты аналарға тиімді. Алматы – бұл тәсілді жүзеге асыратын алғашқы қалалардың бірі болмақ. Ваучер арқылы қосымша 5 мың бүлдіршінді балабақшамен қамтуға мүмкіндік туады.

Назкен Еркін, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров