Алматы филиалының қызметкерлері еліміздегі жол саласының мамандарын даярлайтын іргелі оқу орны Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясында кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Арнайы жиынға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездпсудің мақсаты - Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының жұмысын жақынырақ таныстыру, қызметін насихаттау, студенттерді оқу бітірген соң жол саласында жұмыс істеуге шақыру.
Кездесу барысында орталықтың инженері Ескендір Садыкулов қолданыстағы жол сапасын бақылайтын арнайы құрал-жабдықтарды, олардың артықшылықтары мен жұмыс тәсілін таныстырды.
Оқу орнының қызметкерлері мен студенттері өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тиісті жауаптар алды. Елдің даму көрсеткіштерінің бірі - тақтайдай тегіс жол екенін қатысушылар да түсініп отыр. Сондықтан академиядағы оқуын аяқтайтын жастар жол саласында еңбек етуге дайын.
Ал ЖАҰСО жыл сайын оқу орындарын аралап, жастарға жолшы мамандығын насихаттауды талмай жалғастыра бермек. Түлектерге кәсіби бағдар беруді орталық басшысы Замир Сағыновтың өзі әр филиалға тапсырма етіп беріп, өзі қадағалап отырады. Себебі алдағы уақытта еліміздегі жолшы мамандарының тапшылығын жою керек. Мамандарды шақырып қана қоймай, олардың сапасын арттыру да басты назарда.