Алматыда «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты тамыз конференциясы өтті

25.08.2022 15:03

Талқылаулар мен баяндамалардан бөлек, үздік білім қызметкерлеріне марапаттар тапсыру жоспарланған

пресс-служба акима Алматы

Бүгін, 25 тамызда Алматыда «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты тамыз конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Форумға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ҚР Оқу-ағарту министрі  Асхат Аймағамбетов, білім саласының қызметкерлері, шетелден келген білім саласының мамандары қатысты.

Конференция бағдарламасында панельдік пікірталас және білім беру саласының үздік мұғалімдері мен ардагерлерін медальдар мен төсбелгілермен марапаттау қарастырылған.

Жаттықтырушылар мен үздік білім мекемесіне ақшалай сертификаттар берілді.

«Білім мегаполисі: болашақ мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясының трансляциясын мына жерден көруге болады: