Алматының Алатау ауданында жаңа мектеп ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мектепте мультимедиялық кабинет, ресурстық орталық, медиатека, оқу, спорт, акт және асхана залдары қарастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Алатау ауданының «Саялы-2» шағынауданында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік тілде оқытатын мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

№212 мектептің ғимараты жоғары, орта және бастауыш сыныпты оқытатындықтан, жеті бөлек бөліктен тұрады. Мектепте мультимедиялық кабинет, ресурстық орталық, медиатека, оқу, спорт, акт және асхана залдары қарастырылған.

Сондай-ақ зертханасы бар жеке биология және химия кабинеттері бар. Аспаздық, маталарды өңдеу, металл және ағаш өңдеу сияқты бағыттар бойынша еңбекке баулу кабинеттері бар. Аумақта спорт және ойын алаңдары ұйымдастырылған.

Жаңа мектепті пайдалануға беру осы шағын ауданда орналасқан №180 және №204 мектептің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ауданда мектеп тапшылығын азайту үшін «Зерделі» шағынауданында 550 орындық мектеп салынып жатыр.

Оқи отырыңыз: Павлодарда колледж басшысы жалған қызметкерлерді тіркеп, жалақысын өзі алып отырған

Новости партнеров