Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, штаттық оқыту форматына рұқсат беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар:
- мейтепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініштері бойынша;
- жалпы білім беретін мектептерде 600 оқушыға дейін;
- 1-4 бастауыш сыныптар;
- мектептен тыс ұйымдарда;
-- колледждер мен жоғары оқу орындарында аралас форматта рұқсат етіледі.
Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты келесі ережелер белгіленеді:
- егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспаса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғаны құжат түрінде расталса, үй карантиніне оқшауланбайды;
- 7-ші күні COVID-19-ға ПТР арқылы тексеріледі, ПТР теріс нәтиже көрсетсе, үй карантині аяқталады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.