Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
Бұған дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады.
«Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранты иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58