Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев наурыздағы ҰБТ қалай өткені жайлы мәлімет таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары өзгермеген.
Олар: - «Математика-Физика» (25%) - «Химия-Биология» (17%). Ең аз таңдалатын комбинация «Химия-Физика» (0,13%). Бұл пәндерді тапсырып «Химиялық инженерия және процестер» білім бағдарламасын таңдауға болады. 63 адам - смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды. 135 адам - тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды.
«Тестіленушілер телефондарды, құлаққаптарды, смарт-сағаттарды, шпаргалкаларды және калькуляторларды алып кірмекші болған. Калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестелері компьютерге жүктелгендігін қайтадан естеріңізге сала кетейін»,- деп ескертті Руслан Емелбаев.