Әуезов ауданында жаңа мектеп салынады

crimeantatars.club
crimeantatars.club
Құрылыс жұмыстарын осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, дамыған әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қалалық және аудандық әкімдіктердің жұмысындағы басым бағыт болып табылады.

«2 мектепті: №122 мектеп пен «Білім инновация лицейін» сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу аяқталды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін №127 және 141 мектептерде осындай жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Алматы қаласының әкімдігі мен құрылыс компаниялары арасындағы меморандумның аясында осы жылдың қазан айында бұрынғы «Белкамит» зауытының аумағына 900 орындық мектеп салып бастауды жоспарлап отырмыз (құрылыс салушы – «Qazaq stroy»)», – деді қала әкімі.


Новости партнеров