1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады

04.08.2020 14:51

Қабылданған шешімге сәйкес бұл жерде екі ерекшелік бар

kt.kz

1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Қабылданған шешімге сәйкес бұл жерде екі ерекшелік бар.

Біріншіден, шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды.

Екіншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады.

Кезекші сыныптарға өтініштер қол жетімді байланыс құралдары арқылы электронды түрде қабылданады.

«Сонымен, алдын ала болжам бойынша, интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында 2,6 миллион оқушы (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың бала (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде», – деді министр.