Жетісу ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл туралы Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр? Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында 3 мектепке қосымша құрылыс салу  жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айында №148 мектепте 300 орындық қосымша құрылыс салу басталды. Жұмыстар келесі оқу жылының басында аяқталады. Сондай-ақ, қазан айында №101 мектептің акт залын салу басталды, ол да 2023 жылдың тамыз айында аяқталады. Қазан айында №112 мектепке 300 орындық, №103 мектепке 200 орындық қосымша құрылыс салу жобаларына сараптама қорытындысы алынды, құрылысын 2023 жылдың І тоқсанында бастау жоспарланған. Қараша айында №129 мектепте сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазан айында № 80 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды, жұмыстар 2023 жылдың ІV тоқсанында аяқталады», – деді Ерболат Досаев.

Новости партнеров