Оқуға түсе алмағандарға қосымша грант бөлінді

28.08.2024 14:55

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды

elements.envato.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлектерге қосымша мемлекеттік грант тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

- Білім беру гранттары конкурс негізінде ҰБТ-дан жоғары балл жинған үміткерлерге берілді. Барлық грант иегері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін баруы қажет, - деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда шықты. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық.

Алайда тізімге тестілеуден жоғары балл жинаған түлектер ілінбей қалған. Соған байланысты мектеп түлектері Жоғары білім және ғылым министрлігін сотқа бергелі жатқаны айтылды.

Содан кейін министрлік 10 мың грант қосымша бөлінеді деп мәлімдеген. 10 мың гранттың екі жарым мыңы жергілікті әкім гранттары, мыңнан астамы университет, қалғаны «Қазақстан халқына» қоры мен жергілікті компаниялар есебінен қаралған.

Оқи отырыңыз: Таразда курьер 10 жылға сотталды