Таразда курьер 10 жылға сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Одан жалпы салмағы 18,73 грамм болатын «пирролидин» және «фенилпентан» табылып, тәркіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі тасымалдаумен айналысқан курьерге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, айыпталушы 2023 жылдың қыркүйегінде «Telegram» мессенджері арқылы тергеумен анықталмаған «Ол» деген бүркеншік атты белгісіз азаматпен танысып, Тараздың аумағында бір жеткізілім үшін 1 мың теңге алып, есірткі курьері ретінде жұмысқа орналасқан. Сотталушы 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың ақпанына дейін алдын ала көрсетілген геолокациялардан психотроптық заттарды жинап, оларды белгілі бір дозаларға бөліп «Zip» пакеттеріне салып, кейіннен оларды өткізген.

Полицейлер курьерді 2024 жылдың ақпанында таңертең кезекті дозаны қоюға оқталған уақытта ұстаған. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 18,73 грамм болатын «пирролидин» және «фенилпентан» табылып, тәркіленді.

«Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот бұрынғы соттылықтың жоқтығын, кінәсін мойындауды және жасаған ісіне өкінуін таныды. Сотпен ауырлататын мән-жайларды анықталған жоқ. Сот үкімімен К. ҚК-нің 297 б. 3 б., 1,3,5-тармақтары бойынша көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Ер адам итті көлігіне байлап сүйреген

Новости партнеров