NASА тарихта тұңғыш рет Марстан оттегі алынғанын мәлімдеді
Фото: wallpapercave.com
Негізгі компоненті көмірқышқыл газы болатын Марс атмосферасынан оттегі MOXIE тәжірибелі қондырғысы көмегімен алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
NASA мамандары тарихта бірінші рет Perseverance ғаламшар бетінде жүрушінің бортында орналасқан құрылғы арқылы Марс атмосферасынан оттегі алды. Бұл туралы 21 сәуір күні сәрсенбіде америкалық ғарыш агенттігінің сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Негізгі компоненті көмірқышқыл газы болатын Марс атмосферасынан оттегі MOXIE тәжірибелі қондырғысы көмегімен алынды. NASA өкілдерінің пікірінше, бұл әдіс Марстан оттегі алып, оны сақтауға мүмкіндік береді. Барлығы шамамен 5 грамм оттегі алынды. Бұл бір ғарышкердің 10 минут демалуына жетеді. MOXIE алдағы уақытта «сағатына 10 грамм оттегі» өндіре алады деп күтілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34