Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіліп жатыр? Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«№48 мектепті реконструкциялау жағдайын түсіндіріп өтейін. Осы жылдың қазан айында мектеп пайдалануға берілуі керек еді, алайда сметада қосымша жұмыстардың есебі болмағандықтан, жоба қайта түзетуге жіберілді. Қазан айынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, 2023 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланған», – деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар қала әкімінің айтуынша, бірнеше мектептің құрлысына қатысты жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
«300 орындық №131 мектептің және 220 орындық №35 мектептің қосымша құрылыстарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың II-тоқсанында аяқталады. Сондай-ақ, №131 мектепте сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың III-тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Келесі жылы «Жанұя» арнайы кешені, №33 мектеп-лицей және Ж. Жабаев атындағы №161 мектеп-лицей секілді 3 объектінің ғимараттарын сейсмикалық күшейте отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылы аяқталады. Қазіргі уақытта №99 мектептің 375 орындық қосымша құрылысын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың маусым айында аяқталады», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.