Бостандық ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында жаңа мектептер салынады

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден
Құрылыстың басталуы осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр. Кездесу барысында Бостандық ауданында мектептер мен мектепке дейінгі орын тапшылығын шешу мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін аудан бойынша 9200 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сондай-ақ 400 орындық 8 жекеменшік балабақша салу жоспарланған.

«Оның ішінде 3 мектепті «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салу жоспарлануда: Егізбаев 9 мекенжайы бойынша 2500 орындық, Розыбакиев – Левитан көшелерінің қиылысында 1500 орындық және Розыбакиев-Қожабеков қиылысында 2000 орындық. Құрылыстың басталуы осы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр», – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде «РАМС Қазақстан» құрылыс компаниясы «РАМС Сити» МЖК аумағында биылғы жылдың соңына дейін 1100 орындық мектеп және 2 балабақша салатын болады. 240 орын (әрқайсысы 120 орын) деді.

«Акварель» ТК-де 300 орындық №189 балабақша пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Балабақшаның ашылуы осы жылдың маусым айына жоспарланған»,– деді қала әкімі.

Новости партнеров