|
20.04.2023 | 10:14
1815

Бостандық ауданында жаңа емханалар салынады

Бұл туралы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Бостандық ауданында жаңа емханалар салынады novyefoto.ru

Алматы қаласының Бостандық ауданында екі жаңа емхана салынады. Бұл туралы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Бостандық ауданында әрқайсысы 500 орындық екі жаңа емхана салынады. Олардың бірі әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында, екіншісі Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында пайда болады.

«Екеуінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, мемлекеттік сараптамасын жыл соңына дейін алу жоспарланған. Сонымен қатар, №4 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Бұған қоса, 500 орындық қалалық орталық клиникалық аурухананың жаңа ғимараты салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II тоқсанында басталады», – деді ерболат Досаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир