|
30.08.2024 | 10:15
472

Биыл қазақстандықтар жоғары білім алуға 62 млрд теңге жұмсаған

2024-2025 оқу жылында грант саны 94 мыңнан асты

Биыл қазақстандықтар жоғары білім алуға 62 млрд теңге жұмсаған elements.envato.com

Қазақстандықтардың жалпы шығындардың 10 пайызын білімге жұмсалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандықтар білім беру қызметіне 176 млрд теңге жұмсаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, осы жылдың II тоқсанында жалпы білім беру қызметіне 1,7 трлн теңге жұмсалды. Бұл соманың 86,4 пайызы бюджетке, ал 3,4 пайызы кәсіпорындарға тиесілі болды.

Қазақстандықтар ең көп қаражатты жоғары білім алуға берген – жыл басынан бері 3 айда 62,9 млрд теңге жұмсалған. Келесі орында – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (38,2 млрд теңге), сондай-ақ жалпы орта білім (28,4 млрд теңге) тұр.

Республика бюджеті негізгі орта білім беру (798 млрд теңге), мектепке дейінгі тәрбие (220 млрд теңге) және бастауыш білім беру (179 млрд теңге) саласындағы қызметтерге көп қаржы жұмсаған. Бұл ретте жоғары білім беру қызметтеріне республикалық бюджеттен небәрі 106 млрд теңге бөлінген.

Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында грант саны 94 мыңнан асты. Оның ішінде 78 мың грант — бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант — магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир