Биыл Алатау ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 5 мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2022 жылы Алатау ауданында 7800 орындық жоспарланған 5 жаңа мектептен Саялы, Томирис, Нұркент және Рахат-Мәдениет шағынаудандарында 6300 орындық 4 мектеп ашылды. Дархан шағынауданындағы 1500 орындық мектеп 99% дайын, оны осы жылдың қаңтар айының соңында ашу жоспарланған. Осы мектептің ашылуын ескере отырып, оқушы орнының тапшылығы шамамен 4 мың орынға дейін азаяды және 2022 жылдың басындағы тапшы 9 100 орынмен салыстырғанда 2 еседен көп мөлшерге азаятынын атап өткім келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында Саялы-2 шағынауданында 550 орындық мектеп құрылысы басталды, оны 2023 жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.
2023 жылы 10 050 орындық тағы 6 мектептің құрылысын бастау жоспарланған. Зерделі шағынауданында 2023 жылдың І тоқсанында 550 орындық мектеп құрылысын бастау көзделген. Самғау, Алғабас, Қарасу және Теректі мен Ақбұлақ шағынауданында 690 орындық №154 мектепті бұза отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 5 мектеп салынады», - деді қала әкімі.