Әуезов ауданындағы мектептерде орын тапшылығы қалай шешіледі

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Әуезов ауданындағы мектептерде оқушылардың орын тапшылығын азайту үшін 1 мектеп ашу, 3 мектепті кеңейту және 2 жаңа мектепті жобалау жоспарланған. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімнің айтуынша, 1 қыркүйекке қарай №117 мектепке 900 орындық және №132 мектепке 825 орындық 2 жапсаржай пайдалануға беріледі.

«Биылғы маусым айында 4 шағынауданда 400 орындық «Достық» жеке мектебі ашылды. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде құрылыс салушы Everest Development  жылдың соңына дейін 400 орындық №104 мектепке 2 шағынауданда қосымша құрылыс салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді жоспарлап отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылға жоспарланған», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.


Сонымен қатар, салынып жатқан City plus және «Белкамит» тұрғын үй кешендерінің жанында құрылыс салушы «Қазақстрой» 1 500 орындық 2 жаңа мектеп және 800 орындық 2 балабақша салуды жоспарланған.


«City plus кешенінің жанында 600 орындық мектеп және 300 орындық балабақша салу үшін әкімдік жер учаскесін алып қоюды жүргізуде. 900 орындық екінші мектеп пен 500 орындық балабақша құрылысы бойынша құрылыс салушы бұрынғы «Белкамит» зауыты аумағының бір бөлігін сатып алуға әрекет жасауда. Осы 4 білім беру объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы келесі жылдың І жартыжылдығында әзірлеп, ал құрылысты 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында бастап, 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда», - деді Алматы әкімі.

Новости партнеров