«Қазақстан халқына» Қоры «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv Қордың сайтына сілтеме жасап.
Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.
Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған болатын, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейтілді.
«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде талапкерлер мен студенттерден гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды.
Талапкерлер үшін білім беру гранттары мен шәкіртақыларының саны әрбір ЖЖОКБҰ-ға 10 грантқа дейін, ұлттық ЖЖОКБҰ үшін 20 грантқа дейін көбейтілді.
Қордың 2022-2023 оқу жылының талапкерлеріне арналған білім беру гранттары мен стипендияларының жалпы саны – 850. Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша мемлекеттік немесе өзге қандай да бір грант алмаған келесі санаттың:
Бұл гранттар ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерге берілетінін атап өту қажет.
«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру грантына үміткерлер (талапкерлер) таңдалған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 2022 жылғы 10-17 тамыз аралығында өтінім береді. Талапкерлер арасында «Қазақстан халқына» ҚҚ грантына үміткерлерді іріктеуді ЖЖОКБҰ (университеттер) жанында жұмыс істейтін қабылдау бөлімі немесе кез келген басқа комиссия білім беру гранттарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырады.
Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлерімен Қордың сайтында танысуға болады: qazaqstanhalqyna.kz