Түркістан облысының прокуратурасы жалпы білім беретін мектептердің күзетшілеріне жұмысынан айырылуына байланысты тиісті өтемақы төлемеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- Осылайша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілген, - деді Түркістан облысының прокуратурасы.
Бұл құқықтық өзгерістердің салдарынан Түркістан облысының білім беру бөлімдері 1 473 мектеп күзетшісімен еңбек шарттарын біржақты бұзған.
Алайда жұмыс беруші енбең заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген.
Қолданылған шаралармен бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдері аударылды (115 млн).
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауына алынған.
Оқи отырыңыз: Миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғыны ақша алу сәтінде ұсталды