БҚО-да миллион доллар бопсалаған тұрғын ақша алу сәтінде ұсталды
polisia.kz
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді.
Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау).
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
29.10.2026 09:10