Кеше қатты боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдар бірнеше сағатқа жабылған болатын
Бүгін Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты барлық мектептің оқушылары қашықтықтан білім алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, ертең де аяз болмақ. Кеше қатты боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдар бірнеше сағатқа жабылған болатын. Бүгін Көкшетау және Атбасар бағытындағы трассада жеңіл көліктердің жүруіне шектеу қойылды.
Өңірде қыс басталғаннан бері 40 рет дауылды ескерту жарияланды. Құтқарушылар тұрғынарға жолға шықпауға кеңес берді.