|
18.02.2019 | 10:32
10078

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

2019 жылы стипендия 69 мамандық бойынша тағайындалады

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды МИА «Казинформ»

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлері үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стипендия магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады. Құжаттарды республиканың кез келген аймағындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары  және egov.kz  сайты арқылы онлайн тапсыруға болады. Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 25 ақпаннан 31 тамызға дейін жүргізіледі.

Ал негізгі конкурс 6 наурыздан 29 қарашаға дейін өткізіледі. Осы жылы стипендия 69 мамандық бойынша тағайындалады. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер шетелдік жүзден астам үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Университеттер тізімі www.bolashak.gov.kz  ресми сайтында жарияланады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир