|
20.06.2019 | 10:33
7157

Қазақстанда ҰБТ басталды

Биыл ҰБТ 169 пунктте өткізіледі

Қазақстанда ҰБТ басталды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл ҰБТ 169 пунктте өткізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл министрлік ҰБТ-да жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін тест тапсыру кезіндегі кез келген заң бұзушылық, оның ішінде, үшінші біреудің араласуына жол бермеу үшін нақты шара қолдануда. Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның әділ өтетініне сенімді азайтады»,  делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды.

ҰБТ-2019 нәтижелерін:

- @edu.gov.kz_bot Telegram-боты арқылы;

- edu.mail.kz сайтынан;

- Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тест тапсырушыларға берілетін ТЖК (тест тапсырушының жеке кодын) енгізу қажет. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир