Алматының Бостандық ауданында 2024 жылы төрт жаңа мектеп салынады

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Жоспарлы жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін бітеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылдың екінші тоқсанында Алматының Бостандық ауданында №73 мектепті сейсмикалық күшейту және 450 орындық жаңа корпус салу жұмыстары басталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оның сөзінше, жаңа оқу жылы басталғанға дейін 1100 орындық мектептің құрылысы аяқталады. №10, №70 мектептер мен №138 гимназиядағы күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін бітеді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Егізбаев көшесінің бойында 2500 орындық, Розыбакиев көшесінің бойында 1500 орындық, Қожабеков көшесінің бойында 2000 орындық 3 жаңа мектептің құрылысы жалғасуда, жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталады.

Ерболат Досаев 2023 жылы Бостандық ауданында 300 оқушыға арналған және №9 арнайы түзету мектеп-интернатына 120 орындық қосымша құрылыс салудың аяқталғанын еске салды. Былтыр желтоқсан айында №145 гимназияда күрделі жөндеу жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Бостандық ауданында көшелерге жөндеу жүргізіліп, қоғамдық көлік жаңартылады

Новости партнеров