|
28.07.2023 | 10:36
457

Маңғыстау облысында мектеп есепшісі 76 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Маңғыстау облысында мектеп есепшісі 76 млн теңгеден астам қаржы жымқырған ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Прокуратура өкілдері мәлім еткендей, штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды.

«Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды. Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир