Алматы қаласы білім саласы бойынша көш бастап тұр – Асхат Аймағамбетов

primeminister.kz
primeminister.kz
Алматыда «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы өз жұмысын бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы қаласы білім саласы бойынша көш бастап тұр». Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты тамыз конференциясында айтты деп хабарлайды Almaty.tv.

25 тамызда Алматыда «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы өз жұмысын бастады.

«Алматы қала білім саласы бойынша көш бастап тұр. Ол тек бір көрсеткіш бойынша ғана емес, жалпы балабақшаларды алатын болсақ та, орта білімді алатын болсақ та, теникалық-кәсіптік білім алатын болсақ та, басым бөлігі, барлық деңгейі бойынша Алматы ең бірінші орында тұр. Оқу-ағарту министірлігі барлық пилоттық жобасын Алматы қаласынан бастап жатыр», –  деді министр. 

 «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы тікелей эфирде өтіп жатыр. 

 

Новости партнеров