Қазақстандық студенттердің стипендиясы өсе ме

06.01.2023 15:40

Саясат Нұрбек 2023 жылға арналған міндеттерді таныстырды

turkystan.kz

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Парламентінің өкілдері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ мен министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

Саясат Нұрбек 2022 жылды қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы аясында 2023 жылға арналған міндеттерді таныстырды.

«Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасы аясында жоғары білім саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Біріншіден, студенттердің стипендиясын 2025 жылға дейін 2 есеге арттыру жоспарланған. Екіншіден, барлық студенттерге әлемдік цифрлық кітапханаларды тегін пайдалануын қамтамасыз ету. Үшіншіден, студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу», – деді Саясат Нұрбек.