ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері ұлғаяды, Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда 35 ЖОО мен 85 колледж бар. Бұл нормаға ЖОО-ның 95 мың студенті енеді.
Алматыда ЖОО 191мыңға жуық студентінің 95 мыңға жуығы жоғары стипендия алатын болады (қалған 96 мың-ақылы бөлімде оқитындар):
Сондай-ақ колледждердің 20 мың.303 оқушысы жоғары стипендия алатын болады.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, стипендия мөлшері: бакалавриат студенттеріне – 20%-ға, магистратура – докторантура шеңберінде оқитындарға – 15%-ға, ТжКБ студенттеріне-50%-ға артады. Стипендияның келесі өлшемдері белгіленді:
техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге орта білімнен кейінгі білім беру – 31 422 теңге.