Ғалымдар жасанды интеллект көмегімен көне жазбалардың сырын ашты

Сурет: University of Kentucky
Сурет: University of Kentucky
Везувий жанартауынан зақымданған папирустар қалпына келтірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кентукки университетінің ғалымдары біздің заманымыздың 79 жылы Везувий жанартауы атқылаған кезде өртенген папирустардағы жазудың мазмұнын білу үшін жасанды интеллектке жүгінді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жанартау атқылаған кезде виллалардың біріндегі кітапхананы өрт шалып, жүздеген көне кітаптар өртеніп кетті. Апат шиыршықтарды біржола жойып жібергендей болған, бірақ 2000 жылға жуық уақыттан кейін зерттеушілер жасанды интеллектің көмегімен шиыршықтағы мәтіндердің бірінен бірінші сөзді шығарып алды, деп жазды The Guardian.

Бұл жаңалықты бейсенб күні профессор Брент Силз пен зерттеушілер тобы мәлімдеп, шиыршықтардың біріндегі қалпына келтірілген алғашқы мәтінді жариялады.

Бұл жазбалар  – Париждегі Франция институтының коллекциясына жатады және вилла кітапханасынан табылған жүздеген шиыршықтың бірі. Ал вилла Римнің жоғары дәрежелі мемлекет қайраткеріне, тіпті Юлий Цезарьдың қайын атасы Люций Кальпурний Пизон Кесонинге тиесілі болуы мүмкін.

Қазір көне жазбалардағы 10 әріптен тұратын үш жолды оқуға мүмкіндік туды.

Оқи отырыңыз: Алматыда скандинавиялық жүріс бойынша қалалық фестивалі өтеді

Новости партнеров