|
31.08.2021 | 10:59
5991

Алматыда Water Hub аясында қарқынды оқыту бағдарламасы өтеді

Экологиялық зондтау, тұрақты тұщыландыру, гидроэнергетикалық объектіні пысықтау және енгізу, сондай-ақ Орталық Азиядағы су ресурстарын басқарудағы озық шешімдер мәселелері талқыланады

Алматыда Water Hub аясында қарқынды оқыту бағдарламасы өтеді syktsu.ru

2021 жылғы 31 тамыздан 1 қыркүйекке дейін азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен бірлесіп, Чад, Мали, Нигер, Мавритания, Буркина-Фасо, Сенегал, Бенин, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Әзірбайжан сияқты Батыс Африка мен Орталық Азияға мүше елдер үшін Water Hub аясында қарқынды оқыту бағдарламасын жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Іс-шара Алматы қаласында (Қазақстан) "Water HUB" заманауи объектілерінде халықаралық мамандардың, зерттеушілердің, практиктердің, ирригациямен байланысты жеке компаниялардың және су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы Орталық Азия мен Батыс Африкадан инновациялық озық тәжірибемен алмасу үшін арнайы келген ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің белсенді қатысуымен өтеді.

Іс-шара барысында экологиялық зондтау (озық тәжірибе мен инновациялар), тұрақты тұщыландыру, гидроэнергетикалық объектіні пысықтау және енгізу, сондай-ақ Орталық Азиядағы су ресурстарын басқарудағы озық шешімдер мәселелері талқыланады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир