Ақтаудағы 12-мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барды
inform.kz
Егіздердің көптігі Білім күніне арналған салтанатты жиында көпшіліктің таңданысын тудырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтау қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Егіздердің көптігі Білім күніне арналған салтанатты жиында көпшіліктің таңданысын тудырған.
«Біздің мектепте мұндай жағдай болған жоқ. Егіздердің көптігі мұғалімдерімізге оларды ажыратуға, бастапқыда тануға қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бір-бірімізге үйренісіп кетеміз. Оқушылардың қадамына сәттілік тілеймін», - деді мектеп басшысы Жанат Анисова.
Ал мектепке алғаш қадам басқан егіздердің бірі – Мирас пен Диас Мурадовтар сол білім ордасының алғашқы қоңырауын соғып, достарын мерекемен құттықтады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30