Алматы полициясының басшысы есірткі жарнамасын бояды, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы – ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
"Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, осы аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес ұлттық сипат алуы керектігін атап өтті. Бұл бөлімде қоғамдық бірлестіктердің рөлі маңызды. Бір күн бұрын “Наркостоп” қоғамдық қозғалысының еріктілерімен бейресми кездесу өткіздім. Оларға күнделікті жұмысы, қаламызды тазартуға қосқан орасан зор үлестері үшін мың алғыс. Мен бүгін сіздермен жұмыс істеуге дайынмын", – деді Заппаров.
“Наркостоп»” жобасының жетекшісі Нұржан Жақыповтың айтуынша, бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде команда 40 адамнан 1200 тұрақты еріктіге дейін өсті.
"Алматы полициясының белсенді атсалысуымен, биылғы жылдың басынан бері біздің еріктілер қозғалысы есірткі жарнамалайтын 170 мың граффитиді бояды. Қазіргі жағдайда синтетикалық нашақорлықтың таралу қарқынын ескере отырып, қоғамымыздың әрбір мүшесі полицияға көмектесуге белсене атсалысып, үлес қосуы керек деп есептейміз. Қабырғалардағы жазуларға бей-жай қарамаңыз, өйткені мұндай жазулардың әрқайсысы біреудің тағдыры. Бұл біздің ортақ мәселеміз, оны шешуде қоғам мен полиция біртұтас болып бірігуі керек", – деді Нұржан Жақыпов.