|
09.12.2022 | 11:12
2566

ҚБТУ командасы IСPC Халықаралық Олимпиадасының финалына өтті

Бұл жарысқа қатысу студенттерге әлемнің ірі IT-компанияларында мансабын бастауға мүмкіндік береді

ҚБТУ командасы IСPC Халықаралық Олимпиадасының финалына өтті пресс-служба КБТУ

6 және 7 желтоқсанда Қазақстан-Британ техникалық университетінің қабырғасында "ICPC Northern Eurasia Finals – 2022–2023" халықаралық командалық олимпиадасының жартылай финалы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарламалау чемпионатына 60 команда қатысты. Алматыда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және бүкіл Қазақстанның студенттері жиналды.

Олимпиада қазақстандық жоғары оқу орындары мен мектептерде білім алушылар арасында өтті. ICPC.Global-бір мезгілде 4 қалада: Санкт-Петербург, Барнаул, Алматы, Тбилисиде өтетін халықаралық студенттік командалық олимпиада.

7 желтоқсан қорытындысы бойынша ҚБТУ командасы екінші орын алып, финалға өтті. Команда құрамында ҚБТУ Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің студенттері Тұрсынбай Дінмұхамед, Қанатұлы Аманбол, Алтыбай Назарбек. Команданың жаттықтырушысы - Аманов Әлімжан.

Олимпиадаға қатысушылар "командада жұмыс істей білу" және "жеке қасиеттерін көрсету" критерийлері бойынша бағаланады. Әр кезең 5 сағатқа созылады. Командада 3 адам жұмыс істейді, олардың алдында алгоритмдік есептерді шешу міндеті тұрды.

Павел Маврин, 2004 жылғы ICPC әлем чемпионы, ICPC.GLOBAL қазылар алқасының мүшесі, Ресейдегі ИТМО Ұлттық Зерттеу университетінің қызметкері:

"Бұл олимпиада әлемдегі ең үлкен жарыс болып саналады. Әр түрлі елдерде 1000-нан астам ЖОО қатысады. Олимпиадаға қатысушыларға жұмысқа орналасу кезінде маңызы жоғары дипломдар беріледі. Ия, IT-компаниялар сұхбаттасу кезінде осы олимпиаданың дипломын ескереді, өйткені бұл адамның күрделі кодтар мен бағдарламаларды құра алатындығын көрсетеді. Олар әртүрлі тағылымдамаларға белсенді түрде қабылданады. ACM ICPC олимпиадасына бес реттен артық қатысуға болмайды. Сондықтан қатысушылар әрқашан әртүрлі".

Биылғы чемпионат өзінің 45 жылдық тарихын атап өтеді. Осы уақыт ішінде ICPC әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас студенттердің мансаптық дамуының маңызды кезеңі болды. Қазақстаннан қатысушылар жыл сайын өздерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді және халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізеді. Олимпиадаға қатысқан көптеген қазақстандықтар қазір Google, Microsoft, Booking.com, Facebook және тағы басқа брендтерде жұмыс істей отырып, бүкіл әлем бойынша қызмет көрсетеді.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Габдуллин ҚБТУ осындай маңызды чемпионаттың жартылай финалын өткізу үшін таңдалғанын, әр жылдары финалға өткен ҚБТУ қатысушыларының ең көп санының және Олимпиадаға дайындалу үшін ауқымды базаның арқасында таңдалғанын атап өтті: "ҚБТУ студенттерінің жетістігі университеттің оларға беретін шарттарына байланысты. Университетте бейіндік орталық жұмыс істейді, оның шеңберінде қосымша оқыту және оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Арнайы пәндер аясында олимпиадаларда ғана емес, сонымен қатар қолданбалы бағдарламаларды әзірлеуде де маңыздылығы жоғары күрделі алгоритмдерді оқыту және талдау жүргізіледі. Сондай-ақ, оқушылар үшін оларды үш топтағы мектеп олимпиадаларына тегін негізде дайындау бойынша оқу сабақтары өткізіледі. Мектептердің үздік оқушылары, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері университетке мемлекеттік және ішкі гранттар мен арнайы стипендияларға шақырылады. Әдетте, бұл мектеп оқушылары студенттер ретінде студенттік олимпиадаларда, соның ішінде ICPC-де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді".

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир