Мектеп оқушылары мектепке юбка немесе шалбар киюі керек деген талап жоқ – БҒМ
Қазақстанда бірқатар мектептердің әкімшілігі қыздарға шалбар киюге тыйым салды. Бұл жаңалық оқушылардың ата-аналарына ұнамай жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Ата-аналардың айтуынша, қыздар мектепке тек юбка киіп баруға мәжбүр екен.
«Осындай салқында қыздар шалбар киіп жүруі керек. Бұлай тыйым салу заңсыз деп санаймыз, мұндай заң жоқ», – деп шағымданды олар.
Білім және ғылым министрлігі биыл оқушыларға орта білім беру ұйымдарына мектеп формасында немесе классикалық стильдегі киімде оқуға рұқсат етілгенін хабарлады. Классикалық стиль матаның, түс пен өлшемнің қатаң, ұстамдылығымен сипатталады. Қазір мектеп тәжірибесінде үстіне ашық, астына қою түс киюге рұқсат беріледі.
БҒМ мектеп оқушылары мектепке юбка немесе шалбар кию керек деген талап жоқ екенін атап өтті.
«Даулы мәселелер туындаған жағдайда шешім мектептің қоғамдық кеңесінің келісімі бойынша қабылдануы мүмкін. Қазақстан БҒМ азаматтарының өтініштеріне жедел жауап беру үшін ҚР БҒМ КОКСОН сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттері басшыларының, кол-орталықтары мен білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлері жарияланды», – деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.