Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады
Білім беру ұйымдарына қабылдану кезінде медициналық анықтамаларды уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Egov.kz порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін аталған анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады.
Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.